Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 және 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1179 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
      "Самұрық" холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары" деген 2-бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы бесiнші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешiмдердi әзiрлеу;
      инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету.";
      бесiншi абзац "өкiлдiк ету" деген сөздерден кейiн "және инвестициялық функцияларды орындау" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Самұрық" холдингi" АҚ-тың функциялары" деген 3-бөлiм ", сондай-ақ мынадай инвестициялық функцияларды iске асырады:
      ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешiмдердi және тиiстi ТЭН әзiрлеу;
      жобаларды сүйемелдеу және оларға қатысушыларды құрылымдау;
      жобаларды бiрлесiп қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Самұрық" холдингi" АҚ-ты басқару мәселелерi" деген 4-бөлiмде:
      бiрiншi абзацтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      үшiншi абзацта:
      бiрiншi сөйлем "Самұрық" холдингi" АҚ-тың атқарушы директоры" деген сөздерден кейiн "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi сөйлем алынып тасталсын.
      оныншы абзац "кiрiстер" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер" деген сөздермен және "Компаниялардың акциялары пакеттерiн сатудан түскен кiрiстер де инвестициялық қызметтi қаржыландыруға жiберiледi" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі