Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1116 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен "Эйр Астана" акционерлік қоғамы акционерлерінің 2004, 2005 жылдардың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеуден босату жөніндегі жылдық жиналыстарын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен§бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі