Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 және 2006 жылғы 30 наурыздағы N 214 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1055 Қаулысы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

       1-бап.  "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-баптың алтыншы бөлігі ", сондай-ақ" деген сөзден кейін "олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ауыл (село) - саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;".

       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті