Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiнде:
бүкiл мәтiн бойынша "аумақтық орган", "аумақтық органға", "аумақтық органның", "аумақтық органда" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға", "жергілікті атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
2) жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";
10-тармақта:
"алынған күнiнен бастап бiр жыл" деген сөздер "қаржы жылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |