Сату бойынша айналымы қосылған құн салығынан босатылған қызмет түрлерін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыру процесінде тұтынылатын "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында сатылатын тауарлардың тізбесін бекі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 889 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамынан Асқаров Әлiбек, Самақова Айткүл Байғазықызы, Божко Владимир Карпович, Қарақұсова Гүлжан Жанпейiсқызы, Әлпиев Төлеубек Нығметұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі