Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1332 Қаулысымен
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 91-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетiн кiрiс олардың жиынтық жылдық кiрiсiнен алып тастауға жататын қаржылық қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 25 тамыздағы
N 816 қаулысымен
бекiтiлген
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы
заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетiн кiрiс
олардың жиынтық жылдық кiрiсiнен алып тастауға
жататын қаржылық қызметтердiң
тiзбесi
1. Өз клиентiнiң есебiнен және мүддесiнде (брокер ретiнде) қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтер.
2. Номиналды ұстау қызметтерi.
3. Андеррайтер қызметтерi.
4. Ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер.
5. Бағалы қағаздар бойынша баға белгiлеудi үнемi жариялау және ұстап тұру жөнiндегi қызметтер.