"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын жекешелендiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 724 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі