Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 657 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1394 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1394  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 624-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметкерлердiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулық:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу, арттыру коэффициентiн ескере отырып, мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) егер арттыру есептi кезеңде жүргiзiлсе, арттыру кезеңiнiң алдында есептелген орташа жалақы есептi кезеңнiң әрбiр айының коэффициентiне арттырылады;      
      2) егер арттыру есептi кезеңнен кейiн оқиға болғанға дейiн жүргiзiлсе, есептi кезеңде есептелген орташа жалақы коэффициентке арттырылады;
      3) егер арттыру оқиға кезеңiнде жүргiзiлсе, орташа жалақының бiр бөлiгi лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнiнен бастап көрсетiлген кезең аяқталғанға дейiн коэффициентке арттырылады.
      Арттыру коэффициентi оқиға басталған айда белгiленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейiн белгiленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледi.".

      2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі