"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 654 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 195 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 195 қаулысымен.

      "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн мынадай нормалар мен лимиттер:

      Қор резервiнiң есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарына есептелетiн ең төменгi мөлшерi провизиялар мөлшерiнiң кемiнде он пайызы мөлшерiнде белгiленсiн. Қор қызметiнiң нәтижесiнде мүмкiн болатын тәуекелдердi жабу үшiн қалыптастырылатын және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн Қор резервi Қордың активтерi мен провизияларының айырмашылығы ретiнде айқындалады.

      Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде ашылған банктiк шотындағы инвестицияланбайтын ақшаның ай сайынғы қалдығының есептiден кейiнгi айдың басындағы ең төменгi мөлшерi есептiнiң алдындағы айда Қордан төленген әлеуметтiк төлемдер сомасының бiр жарым еселенген мөлшерiнен кем емес мөлшерде, бiрақ 100000000 (бiр жүз миллион) теңгеден төмен емес болып белгіленсiн.

      2. Провизияларды Қор алушыларға Қордан төленетiн болашақ әлеуметтiк төлемдердiң келтiрiлген құны ретiнде актуарлық есеп айырысуларды пайдалана отырып жыл сайын айқындайды.

      3. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1323 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 626-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі