Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
F санатының тобында:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясы" деген жолда "Мемлекеттiк қызмет" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" деген жол алынып тасталсын;