Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi N 742 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 605 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала ауданының мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 21-4 бірлескен шешімдері негізінде, Тасқала ауданының кейбір елді мекендерінің бағыныстылығын өзгертуге байланысты, облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тасқала ауданындағы кейбір елді мекендердің әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін:
      1) Ермольчев елді мекені Амангелді селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Шежін селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
      2) Жемшін елді мекені қосшы селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
      3) Черная-Падина елді мекені Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Ақтау селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін.

      Сессия төрағасы                    Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы