Шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзімін ұзарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 597 Қаулысы

      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi орындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Республикалық бюджет комиссиясының 2005 жылғы бюджетте көзделген 016 "Денсаулық сақтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментiнде тiркелген 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 5 және 2005 жылғы 21 қазандағы N 334 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Mabco Constructions s.a." фирмасы арасында жасалған шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн 2006 жылғы 30 қарашаға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту   енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  947 (2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа ентiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі