Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 26, 327-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Көлiктiк логистика" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарда:
кестеде реттiк нөмiрi 44-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында ершiктi тартқыштарды, жартылай тiркемелер мен рефрижераторларды жинақтап шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі