Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде :
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-75-жолмен толықтырылсын:
"21-75. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада :
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 227-1-жолмен толықтырылсын:
"227-1 "Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі