Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
3-тармақта:
екiншi абзац "уран мен оның құрамаларын" деген сөздерден кейiн "сирек кездесетiн металдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"сирек кездесетiн металдардың экспортын және импортын;
уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетiн металдарды өндiру процесiн сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларын барлауды және өндiрудi;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі