"ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасындағы шектеулердi кезең-кезеңмен жою туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 513 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбiнде:
      1-тармақтағы ", куәлiктеме" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақ "лицензиялары бар" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;

      2)  күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1310  Қаулысымен.

      2. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі