Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 479 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен

      2006 жылғы 7 - 9 маусым кезеңiнде Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң iшкi iстер министрлiктерi (полиция) қылмыстық iздестiру аппараттарының басшылары кеңесiнiң алтыншы мәжiлiсiнiң (бұдан әрi - мәжiлiс) өткiзiлуiне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мәжiлiске қатысатын делегациялар мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1152000 (бiр миллион бiр жүз елу екi мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министр