Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.", "ҚМГ Қашаған Б.В.", "Филипс Петролеум Қазақстан Лтд.", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.", "Тоталь ЭиП Қазақстан" компаниялары арасындағы "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ЖОБА
2006 жылғы "____"______________
1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
шарт
Осы Шарт:
(1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан әрекет ететiн, жер қойнауы туралы заңнамаға сәйкес Құзыретті орган ретiнде Қазақстан Республикасын білдiретiн Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика");
(2) ӨБК-ге және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысына сәйкес Өкiлеттi орган ретiнде iс-қимыл жасайтын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚР Өкiлеттi органы");
(3) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын Аджип Каспиан Си Б.В. (Agip Caspian Sea B.V.) компаниясы ("Аджип");
(4) Багам Аралдары Достастығының заңдары бойынша құрылған және iс қимыл жасайтын ЭксонМобил Қазақстан Инк. (ExxonMobil Kazakhstan Inc) компаниясы ("ЭксонМобил");
(5) Жапонияның заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд. (INPEX North Caspain Sea, Ltd.) компаниясы ("Инпекс");
(6) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ компаниясы ("ҚМГ");
(7) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы ("Қашаған Б.В.");
(8) Либерияның заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын Филипс Петролеум Қазақстан, Лтд. (Рhillips Petroleum Kazakhstan, Ltd.) компаниясы ("Филипс");
(9) Нидерланды заңдары бойынша құрылған және әрекет ететiн Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В. (Shell Kazakhstan Development B.V.) компаниясы ("Шелл");
(10) Францияның заңдары бойынша құрылған және әрекет ететiн Тоталь ЭиП Қазақстан (Тоtаl Е&Р Kazakhstan) компаниясы ("Тоталь")
АРАСЫНДА жасалды.
Жоғарыда аталған тараптардың әрқайсысы жеке "Тарап" және бiрлесiп "Тараптар" деп аталады.
Республика, ҚР Өкiлеттi органы, Аджип, ЭксонМобил, Инпекс, Филипс, Шелл, Тоталь мен ҚМГ 2002 жылғы 14 мамырдағы өзгерiстерi; 2004 жылғы 25 ақпандағы Қосымша Шартпен енгiзiлген толықтырулары; 2005 жылғы 30 наурыздағы және 2005 жылғы 4 мамырдағы бұдан арғы өзгерiстерi бар 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы Келiсiмнiң ("ӨБК") тараптары БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНДЫҚТАН;
Мердiгер Компания ретiнде ҚМГ 2006 жылғы 30 қаңтарда Салу туралы шарт жасай отырып, Б.В. ӨБК-дегi өз 9/108 Қатысу үлесiн Қашаған Б.В.-нiң жарғылық капиталына енгiзу жолымен бере отырып, ӨБК бойынша өзiнiң толық тиесiлi Қашаған Б.В. еншiлес компаниясының пайдасына беру туралы шешiм ҚАБЫЛДАҒАНДЫҚТАН;
және
Тараптар ӨБК мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоғарыда баяндалғанды ресми түрде бекiту үшiн ӨБК-ге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге ниет БIЛДIРГЕНДIКТЕН,
Тараптар мыналар туралы уағдаласты:
1. ӨБК-ге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1.1 ӨБК-ның титулдық парағында:
"БГ ЭКСПЛОРЕЙШН ЭНД ПРОДАКШН ЛИМИТЕД, БП ҚАЗАҚСТАН ЛИМИТЕД, ДЕН НОРСКБ СТАТС ОЛЬЕСЕЛЬСКАП а.с.," деген сөздер алынып тасталсын;
"МОБИЛ ОЙЛ ҚАЗАҚСТАН ИНК." деген сөздер "ЭКСОНМОБИЛ ҚАЗАҚСТАН ИНК." деген сөздермен ауыстырылсын;
"ТОТАЛЬ ЭКСПЛОРЕЙШН ПРОДАКШН ҚАЗАҚСТАН" деген "ТОТАЛЬ ЭиП ҚАЗАҚСТАН" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ҚАЗАҚСТАНКАСПИЙШЕЛЬФ" АҚ" деген сөздер алынып тасталсын және "ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ ЛТД.," және "ФИЛИПС ПЕТРОЛЕУМ ҚАЗАҚСТАН, ЛТД.," деген сөздермен толықтырылсын;
"ҚАЗАҚОЙЛ" ҰЛТТЫҚ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯСЫ" АҚ" деген сөздер алынып тасталсын және "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ" және "ҚМГ ҚАШАҒАН Б.В." деген сөздермен толықтырылсын.
1.2 ӨБК-нiң кiрiспе бөлiгiнде:
"Либерияның заңдары бойынша құрылған және iс-қимыл жасайтын "ФИЛИПС ПЕТРОЛЕУМ ҚАЗАҚСТАН, ЛТД компаниясы ("Филипс")" деген сөздерден кейiн "Нидерланды заңдары бойынша ұйымдастырылған және iс-қимыл жасайтын ҚМГ ҚАШАҒАН Б.В. компаниясы ("Қашаған Б.В.")" деген сөздермен толықтырылсын.
1.3 2.3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3 Қатысу Үлестерi. 34.5-баптың ережелерiне зиян келтiрмей, Мердiгер Компаниялар осы Келiсiм бойынша құқықтар мен мiндеттемелерде мынадай қатысу үлестерiне ие болады:
Мердiгер Компания Қатысу үлесi
Аджип 20/108
ЭксонМобил 20/108
Инпекс 9/108
Қашаған Б.В. 9/108
Филипс 10/108
Шелл 20/108
Тоталь 20/108"
1.4. "Терминдер мен анықтамалар" деген 1-қосымшада
(а) Шетелдік Инвесторлар терминiн айқындайтын абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк Инвесторлар:
Термин Аджипті, ЭксонМобилді, Инпексті, Филипсті, Шеллді, Тоталь мен Қашаған Б.В.-ны білдіреді."
(б) Жоғары тұрған Кепілгер терминін айқындайтын абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары тұрған Кепiлгер
Термин Аджипке қатысты ЭНИ С.п.А.-ны, Инпекске қатысты Инпекс Корпорейшнды; ЭксонМобилге қатысты Мобил Корпорейшндi, Филипске қатысты КонокоФилипс Компанидi; Шеллге қатысты Шелл Петролеум Н.В.-нi, Тотальға қатысты Тоталь С.А., Қашаған Б.В.-ге қатысты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-н, ал кез келген басқа Мердiгер Компанияға қатысты - осындай Мердiгер Компанияның Жоғары тұрған Ұйымның кепiлдiгiне сәйкес осы Келiсiм бойынша мiндеттемелерiн орындауына кепiлдiк беретiн кез келген Тұлғаны бiлдiредi."
2. Осы Шарт төменде аталған барлық жағдайлар болғаннан кейiн ғана күшiне енеді:
2.1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы Шарттың жобасын мақұлдау туралы қаулы шығаруы;
2.2. Құзыреттi Орган ретiнде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң жоғарыдағы 1.1-тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқықтарын иеленушiлер құрамындағы өзгерiстердi көрсету үшiн 1997 жылғы 18 қарашадағы ГКИ сериялы N 1016 Лицензияға ("Лицензия") өзгертулердi енгiзу туралы бұйрық шығаруы;
2.3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Шартты тiркеу және Тараптарға (Республикадан басқа) осындай тiркеу туралы жазбаша растауды беру; және
2.4. ӨБК-нiң 39.5(с)-бабына сәйкес Қашаған Б.В. мiндеттемелерiне қатысты ҚМГ-нiң Жоғары тұрған Ұйымның Кепiлдiгiн беруi.
3.
3.1. ҚМГ-ның ӨБК бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Қашаған Б.В.-нiң пайдасына беруiне қатысты Қашаған Б.В. (Мердiгер Компания ретiнде) осы арқылы ҚР Өкiлеттi органымен және әрбiр басқа Мердiгер Компаниямен ол ӨБК-нiң 39.5(а)-бабына сәйкес ӨБК-ның барлық шарттары мен ережелерi (Мердiгер Компаниялардың ӨБК бойынша мiндеттемелерi жөнiндегi ортақ жауапкершiлiктi қоса алғанда) қолданылатын Мердiгерлiк Компания болып табылатынына келiседi.
3.2. Республика осы арқылы ӨБК-нiң 39.8-бабына сәйкес ҚМГ өзiнiң ӨБК бойынша Мердiгер Компания мiндеттемелерiнен босатылатынын растайды.
4. Осы Шарт бойынша туындайтын кез келген даулар ӨБК-нiң ХХХVIII бабына сәйкес шешiледi.
5. Осы Шартқа, әрқайсысы орыс және ағылшын тiлдерiнде 10 (он) данада қол қойылды, әрi екi мәтiннiң де бiрдей заңды күшi бар. Осы Шарт Қазақстан Республикасының құқығына сәйкес реттеледi және түсiндiрiледi.
6. ӨБК-де бар және осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар осы Шартқа қолданылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН Тараптар осы Шартқа тиiстi түрде қол қойды.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
ҚР Өкiлеттi органы ретiнде
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
Аджип Каспиан Си Б.В.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
ЭксонМобил Қазақстан Инк.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
ҚМГ Қашаған Б.В.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
Филипс Петролеум Қазақстан Лтд.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы
Тоталь ЭиП Қазақстан
__________________________
Аты-жөнi
Лауазымы