"Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 452 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасының 3аңы

"Бәсеке және монополистiк қызметті шектеу туралы"

       Осы Заң бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ұлттық экономиканың тиiмдi жұмыс iстеуiне арналған жағдайларды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікке қарсы келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), үстем жағдайды терiс пайдалануға, шамадан тыс экономикалық шоғырлануға тыйым салу, шектеу және бақылау жолымен әдiл және еркiн бәсекелестiкке ықпал етуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

       Осы Заңның мақсатында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      ақпарат - кез келген жеткiзгiштерде сақталған, кез келген нысандағы және түрдегi мәлiметтер (оның iшiнде хат-хабарлар, кiтаптар, белгiлер, суреттеулер (карталар, диаграммалар, суреттер, схемалар және сол сияқты), фотосуреттер, голограммалар, кино-, бейне-, микрофильмдер, дыбыс жазбалары, компьютер жүйелерiнiң дерекқорлары немесе олардың элементтерiн толық не iшiнара жаңғырту), тұлғалардың түсiнiктемелерi және басқа да кез келген көпшiлiкке жария етiлген немесе құжатталған мәлiметтер;
      бәсеке - рынок субъектiлерiнiң өз бетiмен жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiр жақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн және тұтынушыларға қажеттi тауарлар өндiрудi ынталандыратын жарыстастығы;
      бiрiн бiрi алмастыратын тауарлар - олардың функционалдық қызметi, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, сондай-ақ басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы оларды тұтыну процесiнде (өндiрiсте) бiр-бiрiмен алмастыратын тауарлар тобы;
      монополистiк қызмет бәсекелестiкке, сондай-ақ үстем жағдайды асыра пайдалануға жол бермеуге, шектеуге және жоюға бағытталған нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк орындардың осы Заңға қайшы iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi);
      монополиялық жоғары баға - тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген және бiр жылдың iшiнде сатылатын тауарлардың саны, сатып алушылар саны мен олардың құрамы бойынша салыстырылатын тиiстi тауар нарығындағы бәсеке жағдайында бағаны елеулi көтеретін тауар бағасы, сондай-ақ қол жетiмдiлiк жағдайында тауар сатып алушылармен (сатушылармен) бiр адамдар тобына кiрмейтiн және мынадай салыстыратын тауар нарығында үстем жағдайы болмайтын не үнемдi негiзделген шығындар сомасын көтеретiн және осындай тауарды өндiрген және сатқан кезде оларды орынды кiрiске сәйкестендiрудi нарық субъектiлерi белгiлейдi;
      монополиялық төмен баға - тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген, тауарды сатып алушылармен (сатушылармен) бiр адамдар тобына кiрмейтiн және салыстырмалы тауар нарығында үстем жағдайы болмайтын салыстырмалы тауар нарығындағы бәсеке жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiмен белгiленетiн бағадан елеулi төмен не үнемдi негiзделген шығындар мен осындай тауарды өндiрген және сатқан кезде олардың орынды кiрiсiне сәйкестендiрiлген сомасынан елеулi төмен тауар бағасы;
      монополиялық табыс - нарық субъектiсiнiң монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған табысы;
      нарық субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi дербес немесе басқа тұлғалармен бiрлесiп жүзеге асыратын жеке тұлғалар және/немесе қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi);
      нарық субъектiсiнiң ерекше жағдайы - осы нарық субъектiсi бiрден-бiр тауар беруші (өндiрушi) не сатып алушы болып табылатын тиiстi тауар нарығындағы нарық субъектiсiнiң жағдайы;
      тауар - азаматтық құқықтық қатынастар объектiсi, оның iшiнде азаматтық айналымда сатуға, айырбастауға және өзге қатысуларға арналған тауар, жұмыстар мен қызметтер;
      тауар нарығы - тауардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың немесе сатып алушының тауарды сатып алуы экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгiне қарай айқындалатын оның бөлiгiнiң айналыс аясы;
      тiркелген баға - тиiстi тауар нарығында үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiсiнiң өз басым жағдайын қайтадан асыра пайдаланған және (немесе) аталған нарық субъектiсi нарық субъектiлерiнiң аталған әрекетiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамамен көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде бәсекеге қарсы келiсiмдер (келiсiлген iс- әрекеттер) жасаған жағдайда уәкiлеттi орган белгiлейтiн баға;
      уәкiлеттi орган - бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк орган;
      шектi шама - пайыздық арақатынасты көрсететiн және осы Заңның 10-бабының 1-тармағымен белгiленген тиiстi тауар нарығындағы нарық субъектiлерiнiң үлесi.

      2-бап. Осы Заңның қолданыс аясы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының тауар нарығындағы бәсекелестiкке немесе оның бөлiгiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қатынастарға қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының бәсеке және
             монополистiк қызметтi шектеу туралы
             заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы  заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен осы Заңда бар ережелерден өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережесi қолданылады.

2-тарау. Уәкiлеттi органның функциялары, өкiлеттiгi

      4-бап. Уәкiлеттi органның жүйесi

      Уәкiлеттi органының жүйесін уәкiлеттi орган және оның бағынысты аумақтық органдары құрады.
      Аумақтық органдар өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзiрет шегiнде жүзеге асырады.

      5-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

      Уәкiлеттi органның функциялары:
      бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      бәсекелестiктi шектеуге бағытталған мемлекеттiк органдардың кесiмдерiнiң, iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiктерiнiң) жолын кесу;
      осы Заңның талаптарына қайшы келетiн экономикалық шоғырлануды болдырмау;
      нарықтағы үстем жағдайды терiс пайдаланудың алдын алу және жою;
      бәсекеге қарсы келiсiмдердi, жосықсыз бәсекелестiкті, болдырмау және олардың жолын кесу болып табылады.

      6-бап. Уәкiлеттi органның өкiлеттігi

      Уәкiлеттi орган белгiленген функцияларға сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманы және оны іс жүзінде қолдануды жетілдіру жөнiндегi, тауар нарықтарындағы бәсекелестiкті дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және ұсынуға;
      2) тауар нарықтарының жұмыс iстеу, бәсекелестiктi дамыту және  монопалистік қызметті шектеу мәселелері бойынша нормативтік, құқықтық келісімдердің жобаларын келісуге;
      3) бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға;
      4) белгiлi бiр тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеу мониторингiн жүзеге асыруға;
      5) мемлекеттiк органдармен және шетел мемлекеттерi ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекет ету және ынтымақтастықты, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлеттiгiне қатысты мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысуды ұйымдастыруға;
      6) тиiстi тауар нарығында үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзуге;
      7) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге және бекiтуге;
      8) Қазақстан Республикасының Президентiне және Yкiметiне бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      9) ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын, сондай-ақ бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу мәселелерi бойынша мәжiлiстердi ұйымдастыруға және өткiзуге;
      10) монополиялық кiрiстi анықтау, монополиялы жоғары (төмен) бағаны белгiлеу тәртiбiн бекiтуге;
      11) бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесiн бекiтуге;
      12) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiктi шектейтiн келiсiмдерiн (келiсiлген iс-әрекеттерiн ) анықтау жөнiндегi нұсқаулықты бекiтуге;
      13) тауар нарығындағы бәсекелестiк ортаны талдау және жағдайын бағалау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды бекiтуге;
      14) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын мемлекеттiк органдардың, нарық субъектiлерiнiң осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген тәртiппен сақтау мәселелерi бойынша тексеру жүргізуге;
      15) нарық субъектiлерiне орындалу үшiн мiндеттi оның iшiнде осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою туралы, бастапқы жағдайды қалпына келтiру туралы, осы Заңға қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту туралы, басқа нарық субъектiсiмен шарт жасасу туралы, тұтынушыларға келтiрiлген зиянды өтеу туралы және монополиялық табысты бюджетке аудару туралы ұйғарымдар беруге;
      16) мемлекеттiк органдарға орындалу үшiн мiндеттi олар қабылдаған кесiмдердi жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату туралы, сондай-ақ осы Заңға қайшы олар жасаған келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы ұйғарымдар беруге;
      17) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзу туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексте  белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
      18) сотқа талап-арыздармен және өтiнiштермен жүгiнуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнаманың қолданылуымен және бұзылуымен байланысты iстердi соттардың қарауы кезiндегi процестерге қатысуға;
      19) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнаманың бұзылуымен байланысты қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге;
      20) мемлекеттiк органдарға тауар рыноктарындағы бәсекелестiктi дамытуға бағытталған iс-шараларды жүргiзу жөнінде ұсынымдар беруге;
      26) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын мемлекеттiк органдардың, нарық субъектiлерiнiң және олардың лауазымды тұлғаларының бұзуына тергеу жүргiзуге;
      27) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, үй-жайларға және рынок субъектiлерiнiң аумақтарына кедергiсiз кiруге;
      28) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттiк органдардан, нарық субъектiлерiнен, олардың лауазымдық және басқа тұлғаларынан ақпарат сұратуға және алуға;
      29) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамамен қаралған жағдайда тиiстi тауар нарығында үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiлерiне тiркелген бағаны белгiлеуге құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган:
      1) жыл сайын 1 маусымнан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Президентiне және Yкiметiне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегi қабылданатын шаралар туралы жылдық есептi жiберуге;
      2) тауар нарығының жағдайын, ондағы бәсекелестiк деңгейiн зерделейдi және осы негiзде монополистiк қызметтiң алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегi шараларды әзiрлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында немесе оның бөлiктерiнде Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) тиiстi тауар нарығындағы үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiлерiн айқындау мақсатында талдау жүргізуге;
      5) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы заңнама мәселелерi жөнiнде түсiндiрме беруге;
      6) оның өкiлеттiгiне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiмдерiн қарауға және өтiнiш білдiрушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте және мерзiмде қабылданған шаралар туралы хабарлауға;
      7) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3-тарау. Монополистiк қызмет

      7-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы
             келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi)

      1. Нарық субъектiлерiнiң арасында кез келген нысандағы қол жеткiзген келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi) нәтижесiнде бәсекелестiктi шектейтiн не шектей алатын болса мынадай келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) оның iшiнде:
      1) келiсiлген бағаны не тауарларды сатып алудың немесе өткiзудiң басқа шарттарын белгiлеу (қолдау);
      2)  бағаны  көтеру,  төмендету  немесе  ұстау не сауда-саттыққа қатысушылардың арасында өзге келiсiмдердiң нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалау;
      3) тауар нарықтарының аумақтық белгiсi, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгiлер бойынша бөлуге;
      4) квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндiру не өткiзудi негiзсiз шектеуге;
      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тартуға;
      6) тауар нарығына кiрудi шектеуге немесе одан белгiлi бiр тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретiндегi нарықтың басқа субъектiлерiн ығыстыруға;
      7) тең шарттарға басқа субъектiлерге кемсiтушiлiк жағдайларын қолдануға;
      8) нарықтың басқа субъектiлерiнiң мазмұны бойынша немесе iскер айналым дәстүрiне сай осы шарттар мәнiне қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдаған жағдайда шарт жасасуға (өзге мүлiкке, мүлік құқықтарына қаржы қаражатын берудiң негiзсiз талаптарын, контрагент оған мүдделi емес ереженi енгiзген жағдайда ғана шарт жасасуға келiсуге) тыйым салынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
      2. Жеке тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар осы баптың 1-тармағында аталған салдарларға әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн үйлестiруге тыйым салынады.

      8-бап. Кейбiр құқықтарға қатысты келiсiмдер
             (келiсiлген iс-әрекеттер)

      Осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулер:
      лицензиялық шарттар;
      кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарттары (франчайзингi);
      технологияны берумен байланысты шарттар;
      ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастыру жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар;
      зияткерлiк меншiк объектiлерiне арналған құқықтарды беруге байланысты өзге шарттар бойынша келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге) қолданылмайды.

      9-бап. Адамдар тобы

      1. Адамдар тобы оларға қатысты мынадай шарттардың бiрi орындалатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы болып табылады:
      1) келiсiм (келiсiлген iс-әрекеттер) нәтижесінде бiрлесiп тiкелей немесе жанама (үшiншi тұлғалар арқылы) түрде заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астамына иелiк етуге құқығы бар тұлға немесе бiрнеше тұлғалар;
      2) басқа тұлғамен немесе тұлғалармен қабылданатын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде басқа тұлғаның немесе тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға не атқарушы органның өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған тұлға немесе бiрнеше тұлғалар;
      3) екi және одан да көп заңды тұлғалардың атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) құрамының елуден астам пайызын құрайтын сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары;
      4) екi немесе одан да көп заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар;
      5) бiр мезгiлде:
      атқарушы органның және (немесе) басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңесiнiң) құрамының елу және одан көп пайызын бiлдiретiн;
      басқа заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған заңды тұлға түрiнде еңбек мiндеттерiн атқаратын жеке тұлғалар;
      6) сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкiлдерi арқылы екi және одан көп заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астамына иелiк етуге құқығы бар;
      7) дербес немесе өкiлдерi арқылы бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астам мөлшерiне иелiк етуге құқығы бар жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар, осы жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, кекжаттары не көрсетiлген заңды тұлғалардың өкiлдерi бiр мезгiлде басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) немесе өзге орган құрамының елу пайыздан астамына ие жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаларды бiлдiредi.
      2. Осы Заңның ережелерi нарық субъектiлерiне қатысты болады және адамдар тобына таратылады.

      10-бап. Үстем жағдай

      1. Оған (оларға) тиiстi тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулi не шешушi ықпал етуiне мүмкiндiк беретiн нарық субъектiсiнiң немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң ерекше не өзге жағдайлары үстем жағдай болып танылады.
      Тиiстi тауар нарығындағы үлесi отыз бес пайыздан аспайтын нарық субъектiсiнiң жағдайы, нарықтың бiрнеше субъектiлерiнiң әрқайсысының жағдайы үстем болып саналған жағдайдан басқа жағдайларда, егер оларға қатысты мынадай талаптар орындалса:
      1) белгiлi бiр тауар нарығындағы ең көп үлеске ие нарықтың үштен көп емес субъектiсiнiң жиынтық үлесi елу және одан көп пайызды құраса;
      2) белгiлi бiр тауар нарығындағы ең көп үлеске ие нарықтың төрттен көп емес субъектiсiнiң жиынтық үлесi жетпiс және одан көп пайызды құраса үстем болып танылмайды.
      2. Тиiстi тауар нарығының шекарасын айқындау және үстем жағдай алатын нарық субъектiсiн тану тәртiбiн тиiстi тауар нарығын талдаудың негiзiнде уәкiлеттi орган айқындайды.

      11-бап. Үстем жағдайды терiс пайдалану

       Үстем жағдайға ие нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар нарығына кiруiн шектейтiн не бәсекелестiктi шектейтiн, жоятын және (немесе) басқа тұлғалардың мүдделерiне қысым жасайтын, оның iшiнде мынадай iс-әрекеттерге:
      монополиялы жоғары (төмен) бағалар белгiлеуге;
      әртүрлi бағаны не субъектiлермен бiрдей келiсiмдерге объективтi расталған себептерсiз әртүрлi жағдайлар қолдануға;
      одан сатып алынған тауарларды аумақтық белгiлерi, сатып алушылар тобы, сатып алу талаптары, сондай-ақ саны, бағасы бойынша қайта сатуға шектеулер белгiлеуге;
      мазмұны бойынша немесе iскер айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдерге қатысы жоқ рынок субъектiсiнiң қосымша мiндеттемелердi қабылдау жолымен келiсiмiнiң қорытындысын шарттасуға не күштеп таңуға;
      тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi бар кезде жеке сатып алушылармен шарт жасаудан негiзсiз бас тартуға;
      бәсекелестер өндiретiн не өткiзетiн тауарларды сату бойынша шектеулер қабылдаумен тауарларды жеткiзудi шарттасуға;
      сұраныс немесе тұтынушылар тапсырысы бар тауарларды оларды өндiру немесе жеткiзу мүмкiндiгi болған жағдайда, өндiрiс көлемiн негiзсiз қысқартуға немесе тоқтатуға;
      монополиялы кiрiс алуға әкелген қолданыстағы баға белгiлеу тәртiбiн бұзушылыққа қатысты iс-әрекеттерiне тыйым салынады және жарамсыз деп танылады.

      12-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке
              қарсы iс-әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге алып келген немесе алып келуi мүмкiн кесiмдердi не шешiмдердi қабылдауы, жазбаша не ауызша нұсқамалар беруi, келiсiмдер жасасу немесе өзге де кез келген iс-әрекеттерi бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер болып табылады.
      2. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттері, атап айтқанда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң кез келген саласында нарық субъектiсiнiң құрылуына тыйым салу не кедергi болу, сондай-ақ қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға, тауарлардың белгiлi бiр түрлерiн өндiруге, сатып алуға немесе өткiзуге тыйым салу;
      2) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте жеткiзуге не белгiлi бiр сатушылардан бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу;
      3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық келiсімдерiнде өзгеше белгiленбесе, тауарларды бiр орталықтан бөлуге, сондай-ақ нарықтарды нарық субъектiлерiнiң арасында аумақтық қағидат, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша немесе тұтынушылар немесе сатушылар тобы бойынша бөлуге бағытталған кез келген iс-әрекеттер;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, белгiлi бiр тауарларды Қазақстан Республикасының бiр өңiрiнен екiншi өңiрiне өткiзуге (әкетуге) тыйым белгiлеу;
      5) нарықтың жеке субъектiлерiне бәсекелестерге қатысты артықшылық жағдайға қоятын, бәсекелестiктi шектеуге алып келетiн немесе алып келуi мүмкiн жеңiлдiктердi немесе басқа артықшылықтарды беру;
      6) нарықтың жеке субъектiлерiнiң бәсекелестермен салыстырғанда қызметтiң қолайсыз немесе кемсiтушiлiк жағдайларын жасағаннан туындайтын iс-әрекеттер;
      7) нарық субъектiсiнiң дербестiгiне, оның iшiнде тауарларды сатып алуға немесе өткiзуге, баға түзуге, қызмет бағдарламаларын қалыптастыруға және дамытуға, табысты (ақшалай түсiмдi) иеленуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тыйым салулар мен шектеулер белгiленетiн iс-әрекеттер болып танылады.
      3. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер жасауына Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайлардан басқа ретте тыйым салынады.

4-тарау. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылау

      13-бап. Экономикалық шоғырлану

       1. Үстем жағдайды терiс пайдалануды немесе бәсекелестiктi шектеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның алдын ала келiсiлген келiсiмiмен осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мәмiлелер (iс-әрекеттер) жүзеге асырылады.
      2. Мыналар:
      1) нарық субъектiсiнiң жаңа заңды тұлғаны, оның iшiнде оның жарғылық капиталын акциялармен (үлестермен, пайлармен) немесе басқа заңды тұлғаның мүлкiмен төлеген жағдайда, егер жаңа құрылған заңды тұлға осы тармақтың 4) тармақшасымен көзделген осындай акциялар (үлестер, пайлар) немесе мүлiктер қатынасындағы құқықты иеленген жағдайда құруы;
      2) тиiстi тауар нарығындағы үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыруы (бiрiктiруi, қосуы, бөлуi, бөлiп шығаруы, қайта құруы);
      3) егер тұлға (адамдар тобы) осы иелiкке дейiн аталған нарық субъектiсiнiң акцияларына (үлестерiне, пайларына) билiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялар (үлестер, пайлар) санының 25 пайыздан кемiне билiк етсе, нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды (үлестердi, пайларды) тұлғаның (адамдар тобының) иеленуi, бұл жағдайда мұндай тұлғаға (адамдар тобы) аталған акциялардың (үлестердiң, пайлардың) 25 пайыздан астамына билiк етуге құқық алуы. Бұл талап оның құрылуы кезiнде заңды тұлға құрылтайшыларына қолданылмайды;
      4) егер мәмiле (өзара сабақтас мәмiле) нысанасын құрайтын мүлiктiң теңгерiмдiк құны мүлiктi иелiгiнен шығарып отырған немесе табыс етiлiп отырған нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 10 пайызынан асса, нарық субъектiсiнiң (адамдар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнен негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтарды немесе материалдық емес активтердi меншiкке алуы, пайдалануы немесе иеленуi;
      5) нарық субъектiсiнiң (адамдар тобының) нарықтың бiр немесе бiрнеше мәмiлелер нәтижесiнде, оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты, құқық келiсiмдерi негiзiнде немесе нарық субъектiсiнiң оның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн өзге тәсiлмен алуы;
      келiсiмдер, шарттар, тапсырмалар арқылы немесе өзге тәсiлмен) алуы;
      6) нарықтың екi және одан да көп субъектiлерiнiң атқарушы органдарда, директорлар кеңесiнде (байқаушы кеңестерде) сол бiр жеке тұлғаларының қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
      3. Мыналар:
      1) нарық субъектiсiнiң акцияларын (үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының алуы, егер осы алу көрсетiлген тұлға нарық субъектiсiнiң басқару органында дауыс беруге қатыспайтын талаппен оларды кейiн қайта сатумен жүзеге асырылатын болса;
      2) оңалту немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау экономикалық шоғырлану болып саналмайды.

      14-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат алу
              қажет кездегi жағдайлар

      1. Егер тиiстi мәмiлеге (iс-әрекетке) қатысушы тұлғалардың соңғы теңгерiм бойынша активтерiнiң теңгерiмдiк құны немесе соңғы қаржы жылында тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi айлық есептiк көрсеткiштiң елу мың есе мөлшерiнен асатын немесе олардың бiрi тиiстi тауар нарығындағы үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiсi болып табылса, не бұл тармақта көрсетiлген нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылайтын тұлғалар тобы иеленушi болып табылса, қаржы ұйымдары қатысқан экономикалық шоғырлану жағдайларынан басқа, экономикалық шоғырлану уәкiлетті органның шешiмiн алған жағдайда жүзеге асырылады
      2. Экономикалық шоғырлануға қаржы ұйымдарының қатысуымен рұқсат алу қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының көлемi уәкiлеттi орган қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерiнен асқан жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды өткiзу көлемдерiн есептеген кезде қосылған құн салығының, акциз сомасын алыптастағанда экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініш берген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы үшiн тауарларды өткiзуден түскен табыс (ақшалай түсiм) сомасы пайдаланылады.
      4. Егер рынок субъектiсi экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш берген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзiм iшiнде қолданылған болса, осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды өткiзу көлемдерiн есептеген кезде экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш берген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылына, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге дейiнгi кiрiс сомасы пайдаланылады.

      5-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру

      1. Уәкiлеттi орган экономикалық шоғырлануға, егер ол (адамдар тобының) нарық субъектiсiнiң үстем жағдайын белгiлеуге немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге алып келмейтiн жағдайда рұқсат бередi.
      2. Уәкiлеттi орган, егер тиiстi мәмiлеге қатысушы олардың iс-әрекеттерiнен болған оңды тиiмдiлiк тиiстi тауар нарығында жағымсыз салдарлардан асатын жағдайда, бәсекелестiктi шектеу мүмкiндiгi кезiнде экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге құқылы.

5-тарау. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
 экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
өтiнiштердi қарау

      16-бап. Нарық субъектiлерiнiң келiсiмiне (келiсiлген
              iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат
              беру туралы өтiнiштер ұсынуы

      1. Келiсiм жасасуға (келiсiлген iс-әрекеттi жүзеге асыруға), экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға ниеттенген нарық субъектiлерi уәкiлеттi органға:
      1) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат беру туралы;
      2) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
      Келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушылар жалпы өтiнiш ұсынады. Өтiнiштердi қарауға қажеттi құпия ақпаратты уәкiлеттi органға осы тұлғалар жеке-жеке ұсына алады.
      2. Егер келiсiм (келiсiлген iс-әрекет) немесе экономикалық шоғырлану конкурстық  рәсiмдер  (аукциондар,  тендерлер,  конкурстар)  қолданумен өткiзiлген жағдайда, өтiнiш конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, конкурс аяқталғаннан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылуға тиiс.
      3. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      17-бап. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
              экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
              өтiнiштердi қарау

      1. Өтiнiш ол түскен күннен бастап он бес күн аяқталғаннан кейiн, егер осы уақыт iшiнде уәкiлеттi орган өтiнiштi өтiнiш берушіге оны және уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға жауап бермейтiн басқа құжаттарды хабарламамен қоса қайтармаса, қарауға қабылданды деп есептеледi.
      2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден және басқа тұлғалардан, егер оның болмауы iстi қарауға, сондай-ақ сараптама тағайындауға кедергi келтiретiн болса, осы Заңның талаптарына сәйкес қосымша ақпарат сұрата алады.
      3. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмi отыз күннен аспауға тиiс. Сараптама тағайындаған жағдайда көрсетiлген мерзiм өтiнiштi қарауға қабылдаған сәттен бастап алпыс күннен аспауы тиiс. Көрсетiлген мерзiм iшiнде уәкiлеттi орган келiсiм жасасуға (келiсiлген iс-әрекеттi жүзеге асыруға) немесе экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешiм қабылдауы тиiс.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаудың күнi осы тармақтың бiрiншi бөлiмiнде көзделген өтiнiштi қарау мерзiмiнiң соңғы күнi болып есептеледi.
      4. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау уәкiлеттi органның немесе онымен басқа өтiнiштер байланысты соттың шешiмiне дейiн немесе онымен басқа мәселе байланысты мемлекеттiк органның шешiмiне дейiн оның қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарауды тоқтата тұру және оны жаңарту туралы уәкiлеттi орган арызданушы хабардар етiлетiн шешiм қабылдайды.
      Уәкiлеттi орган келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi оны тоқтата тұрудың себебi болып табылатын жағдайлар жойылғаннан кейiн қарауды жаңартады.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмi iшiнде осы өтiнiштi қарау тоқтатылған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмi iшiнде қарау жаңартылған күннен бастап жалғасады
      5. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарағанда егер уәкiлеттi органның шешiмi осы Заңмен қорғалатын олардың құқықтары мен мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, үшiншi тұлғаның қатысуы мүмкiн.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарауға қатысуға үшiншi тұлғаларды тарту туралы мәселенi уәкiлеттi орган шешедi, бұл туралы осы өтiнiштi қарауға қатысатын тұлғалар хабардар етiледi.

      18-бап. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
              экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
              өтiнiштер жөнiндегi шешiм

      1. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган:
      1) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат беру туралы;
      2) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) тыйым салу туралы;
      3) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы;
      4) экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды.
      2. Уәкiлеттi органның келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беруi туралы шешiмi келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттерге) немесе экономикалық шоғырлануға қатысушылардың бәсекелестiкке келiсiмнiң (келiсiлген iс-әрекеттердiң), экономикалық шоғырланудың терiс әсерiн жоятын немесе жұмсартатын белгiлi талаптар мен мiндеттемелердi орындауымен белгiленуi мүмкiн. Мұндай шарттар мен мiндеттемелер атап айтқанда, мүлiктi басқару, пайдалану немесе иелiк ету жөнiндегi шектеуге, сондай-ақ мүлiктi иелiктен шығаруды жүзеге асыруға рынок субъектiсiнiң мiндеттемелерiне қатысты болуы мүмкiн.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттер) рұқсат айқындалмаған мерзiмге немесе бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      3. Келiсiм (келiсiлген iс-әрекет), экономикалық шоғырлану егер, уәкiлеттi органның шешiмiнде өзгеше белгiленбесе келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдау күнiнен бастап жыл iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер келiсiм (келiсiлген iс-әрекет), экономикалық шоғырлану белгiленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушылардың келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа ұсынымды беруге құқығы бар.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға рұқсат берудiң iс-әрекеттер мерзiмдерiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      5. Өтiнiш берушiге шешiм, ал қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер болған жағдайда - уәкiлеттi органның шешiмiнен көшiрме жiберiледi.
      6. Уәкiлеттi орган, шешiмдi қабылдағаннан кейiн осы Заңның 26, 27, 35-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Уәкiлеттi орган шешiмде жiберiлген қателер мен нақ арифметикалық қателер түзетуi, өз шешiмiн бұл ретте оның мазмұнын өзгертпестен түсiндiруi, сондай-ақ егер, ұсынымды қарау уақытында зерттелген қандай да бiр мәселе бойынша шешiм қабылданбаса, қосымша шешiмдi қабылдауы мүмкiн.
      Уәкiлеттi органнан экономикалық шоғырлануға рұқсат алуы қажет нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу тек уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жасалған экономикалық шоғырлануды сот уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

      19-бап. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
              экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
              өтiнiштi қарауды тоқтатудың негiздемесi

      1. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау, мына:
      1) ұстанымдарды және өтiнiштердi керi қайтару туралы хабарлама өтiнiш берушiлерден түскен немесе келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi түскен;
      2) егер, мұндай ақпараттың болмауы өтiнiштi қарауға кедергi келтiретiн болса, уәкiлеттi орган белгiлi мерзiмде өтiнiш берушiнiң ақпаратты бермеуi жағдайларында тоқтатуға жатады.
      2. Өтiнiштi қарауды тоқтатудан кейiн өтiнiш берушi келiсiмге (келiсiлген іс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтінішпен уәкiлетті органға жүгiнуге құқылы.

6-тарау. Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын тергеу

      20-бап. Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы
              Қазақстан Республикасы заңнамасын
              бұзушылықтарға тергеу жүргiзу yшiн мiндеттiлiк
              пен негiз

      1. Осы Заңның 7, 11 және 12-баптарын бұзғаны жөнінде шешiмдердi қабылдау үшiн монополияға қарсы орган тергеу жүргізуге мiндеттi.
      Осы Заңның өзге бұзушылықтарына қатысты шешiмдердi тергеу жүргiзбестен уәкiлеттi орган қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылықтарға тергеу жүргiзу үшiн мыналар негiз болып табылады:
      1) монополистiк қызметтiң нәтижесiнде жеке және заңды тұлғалардың олардың құқықтарының бұзылуы туралы өтiнiштерi;
      2) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы мемлекеттiк органдардың ұсынымдары;
      3) тауар нарықтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын және оның иелiгiндегi өзге де мәлiметтердi талдау негiзiнде уәкiлеттi органның өз бастамашылығы.
      3. Уәкiлеттi орган тергеу жүргiзу үшiн негiздiң туындауы күнiнен бастап он бес күннен кешiктiрмей мынадай шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
      1) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасының бұзылуын тергеу туралы;
      2) негiздемелердiң болмауына байланысты Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасының бұзылуын тергеуден бас тарту туралы.
      Уәкiлеттi орган болжамды бұзушылық тиiстi тауар нарығында бәсекенiң жағдайына айтарлықтай әсер етудi көрсетедi ме, соған байланысты жоғарыда аталған шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды.

      21-бап. Тергеу жүргiзу тәртiбi

      1. Тергеу Қазақстан Республикасының заңнама кесiмдерiмен көзделген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртіппен, сондай-ақ осы тараумен жүргізiледi.
      2. Тергеу уәкiлеттi органның тергеу туралы шешiмiн шығарғаннан кейiн жүргiзiледi. Тергеу туралы уәкiлеттi органның шешiмi мыналардан:
      1) уәкiлеттi органның атауы;
      2) тергеудi жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;
      3) тергеу жүргiзудiң себебiн көрсету;
      4) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын болжамды бұзуға қатысқан нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың тiзбесi;
      5) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын болжамды бұзуды көрсетуден тұруы тиiс.
      3. Тергеу туралы шешiмдi уәкiлеттi органның басшысы немесе бұған уәкiлеттенген өзге тұлға қол қояды, уәкiлеттi органның мөрiмен куәландырылады және заңнама кесiмдерiмен көзделген талаптарды ескере отырып, сондай-ақ уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен арнайы журналда тiркеледi.
      4. Тергеу жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы нарық субъектiсiне, мемлекеттiк органға тергеу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсетуге мiндеттi.
      5. Тергеу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсету кезiнде нарық субъектiлерi оларға тиесiлi аумаққа немесе үй-жайға уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасын кiргiзуге және тергеудi жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті.
      6. Тергеу жүргiзетiн уәкiлеттi орган лауазымды тұлғасының аталған аумаққа немесе үй-жайға кiруiне кедергi келтiру кезiнде хаттама жасалады. Хаттамаға тергеу жүргiзген уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы және нарық субъектiсi, мемлекеттiк орган қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде нарық субъектiсi, мемлекеттiк орган бас тарту себебiне жазбаша түсiндiрме беруге мiндеттi.
      7. Тергеу нәтижелерi туралы қорытындыны жасаумен тергеу аяқталады. Тергеу нәтижелерi туралы қорытынды осы Заңның тиiстi нормаларына сiлтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуды сипаттаудан тұруы тиiс. Егер, тергеудiң аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасының бұзылуы белгiленбесе, онда бұл туралы тергеу нәтижелерi туралы қорытындыда тиiстi жазба жасалады.
      8. Тергеу туралы шешiмдi қабылдау күнiне дейiн екi айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей тергеу аяқталуы тиiс.
      Қосымша тергеу қажет болған жағдайда мерзiм уәкiлеттi органның шешiмiмен бiр айға ұзартылуы мүмкiн.

      22-бап. Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу
              туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының
              бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша уәкiлеттi
              органның шешiмi

      1. Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мынадай:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғауда негiздемелердiң болмауы туралы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғау туралы;
      3) қылмыстық iстi қозғау үшiн құқық қорғау органдарына материалдарды беру туралы;
      4) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқаманы шығару туралы;
      5) нарық субъектiсiне және мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтау мәнiне арналған жоспардан тыс тексеру жүргiзу туралы шешiмдi қабылдайды.
      2. Уәкiлеттi органның шешiмi өтiнiш берушiнiң назарына, мемлекеттiк органға, нарықтың тиiстi субъектiсiне және өзге де мүдделi тұлғаларға жеткiзiледi.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы талаптарына сәйкес қаралады.

7 тарау. Қазақстан Республикасының бәсеке
 және монополистiк қызметтi шектеу туралы
заңнамасын сақтау нысанасына тексеру жүргiзу

      23-бап. Қазақстан Республикасының бәсеке және
              монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын
              сақтау мәселелерi бойынша тексерулердiң түрлерi
              мен нысанасы

      1. Уәкiлетті орган жүргiзетiн тексерудiң нысанасы нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - тексерiлетiн субъектiлер) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтау нысанасына уәкiлеттi орган жүзеге асыратын нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдарды тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.

      24-бап. Жоспарлы тексеру

      1. Жоспарлы тексеру тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердiң бүкiл кешенiн қамтиды.
      2. Жоспарлы тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргізіледі.
      3. Жоспарлы тексеру тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Уәкiлеттi орган басшысы жыл сайын бекiтетiн жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негiз болып табылады. Жоспар оларға қатысты тексеру жүргiзу және тексеру жүргiзу кезеңi болжанатын тексерiлетiн субъектiнiң тiзбесiнен тұруы тиiс.

      25-бап. Жоспардан тыс тексеру

      1. Уәкiлеттi органның жұмыс жоспарында көзделмеген тексеру жоспардан тыс тексеру болып саналады және Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы уәкiлеттi органға келiп түскен не дербес анықталған ақпараттарды растау үшiн жүргiзiледi.
      2. Жоспардан тыс тексеру жүргiзуге:
      1) жеке және заңды тұлғалардың монополиялық қызметiнiң нәтижесінде өз құқықтарының бұзылғаны туралы өтiнiшi;
      2) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы басқа мемлекеттiк органдардан түскен материалдар;
      3) уәкiлеттi органның тауар нарықтарын талдау, бұқаралық ақпараттар құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер негiзiндегi жеке бастамасы;
      4) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық мәселелерi бойынша уәкiлеттi органның тергеу нәтижесi негiз болады.

      26-бап. Тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу
              тәртiбiнiң ерекшелiктерi

      1. Тексеру жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган уәкiлеттi орган басшысы қол қойған, мөрмен куәландырылған және заңнамамен белгiленген тәртiпте құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi нұсқамасы және тексерудi тағайындау туралы бұйрық қабылданады және тексеру жүргiзу жоспары бекiтiледi.
      2. Тексеру жүргiзу туралы нұсқама екi данада жасалып, олар тiркеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына берiледi. Тiркеу туралы белгiсi бар бiр данасы iстiң материалдарына қоса тiркеледi.
      3. Нұсқаманың Құқықтық статистика және арнайы есеп алу органында тiркелгенi туралы белгiсi бар көшiрмесi, сондай-ақ тексеру жоспары тексеру жүргiзiлетiн күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелгенi туралы белгiсi жоқ тексерiлетiн субъектiге берiлген тексеру жүргiзу туралы нұсқаманың көшiрмесi жарамсыз болып табылады.
      4. Тексеру жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобының құрылуы, оның құрамының бекiтiлуi, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары айқындалуы мүмкiн.
      5. Тексеру жүргiзу үшiн қажеттi материалдарға тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу немесе кедергi келтiруi туралы нұсқаманы қабылдаудан тексерiлетiн субъектi бас тартқан жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi тұлғасы қол қояды.
      Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi тұлғасы бас тарту себебi туралы жазбаша түрде түсiнiктеме бере отырып хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.
      Тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексерудi жою үшiн негiздеме болып табылмайды.
      Тексерудi тексерудi тағайындау туралы нұсқамада көрсетiлген уәкiлеттi органның сол лауазымды адамы (адамдары) ғана жүргiзедi.

      27-бап. Тексеру жүргiзудiң жоспары және мерзiмi

      1. Тексеру жүргiзудiң жоспарында:
      1) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;
      2) тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары, оны iске асырудың рәсiмi;
      3) тексеру барысында анықталуға тиiс мәселелер тiзбесi және мән-жайлар ауқымы;
      4) тексеру жүргiзудiң кестесi;
      5) тексерiлетiн субъектi қызметiнiң ерекшелiгiне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиiс.
      2. Тексеру жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi мен алға қойылған мiндеттер ескерiлiп белгiленедi және тексеру жүргiзу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспауы тиiс.
      3. Тексерiлетiн субъектi қызметiнiң ерекшелiгiне, жұмыс көлемiнiң ауқымдылығына байланысты тексерудiң заңда белгiленген мерзiмде аяқталмауы мүмкiн болған жағдайларда уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы уәкiлеттi органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелері мен тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту қажеттiгi туралы негiздемелер жазылған қызметтiк жазбаны табыс етедi.
      4. Уәкiлеттi органның басшысы тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Уәкiлеттi органның басшысы тексеру жүргiзу туралы бұйрық пен нұсқамаға, сондай-ақ тексеру жоспарына тексеру мерзiмiн ұзарту туралы белгiнi енгiзедi.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк 30 күннен аспауға тиiс.
      5. Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы бұйрықтың көшiрмесi тiркелген күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      6. Тексерiлетiн субъектiге тексеру нәтижелері туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi, бiрақ ол тексеру жүргiзу туралы нұсқамада көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмеуге тиiс.

      28-бап. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу
              кезiндегi құқықтары

      1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексеру жүргiзген кезде:
      1) тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;
      2) тексеру нысанына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткiзуге;
      3) тексерiлетiн субъектiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тексеру нысанына қатысты қажеттi ақпараттарды, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктеме сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан жазбаша және ауызша түсiнiктемелер алуға құқылы.
      2. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы мен адамдары тексеру жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжатты немесе олардың көшiрмелерiн беруден бас тартқан жағдайда оған тиiсiнше жазбаша сауал табыс етiледi. Жазбаша сауалды басшының өзiне табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда осы сұраныс хабарламамен бiрге тапсырыс хатпен тексерiлетiн субъектi басшысының атына почта байланысымен жiберiледi.
      3. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларына оны ұсынудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттiк органдарға жiберiлетiн ақпараттарды есептемеген жағдайда уәкiлеттi органмен тексеру барысында тексерiлетiн субъектi туралы алынған кез келген ақпарат таратуға жатпайды.
      4. Тексеру жүргiзуде көмек көрсету үшiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын, сондай-ақ басқа да ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
      5. Тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасына тексеру мәнiне жатпайтын талаптар мен өтiнiштердi ұсынуға тыйым салынады.

      29-бап. Тексеру нәтижелері

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тексерiлетiн нарық субъектiсiне, мемлекеттiк органға қатысты монополияға қарсы ден қоюдың қажеттi шараларын қолдануға құқылы.
      2. Барлық тексерiлетiн мәселелер бойынша талдау, тұжырымдама және ұсыныстар көрсетiлетiн тексеру нәтижесi анықтамамен ресiмделедi және екi данада жасалады, оның бiреуi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      3. Тексеру нәтижесi тиiстi құжаттармен расталатын тексерiлген мәлiметтер және фактiлер негiзiнде анықтамада мазмұндалады.    Құжаттармен расталмаған тұжырымдамаларды, ұсыныстарды және мәлiметтердi анықтамаға кiргiзуге жол берiлмейдi.
      4. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда анықтамада тиiстi жазба жазылады.
      5. Тексеру нәтижесі бойынша ескертпелер және/немесе қарсылықтар болған жағдайда тексерiлетiн субъектiнiң басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетедi.
      Ескертпелер және/немесе қарсылықтар тексерудi жүргiзу туралы анықтамаға қоса берiлуi мүмкiн, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
      6. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы тексеру жүргiзудiң нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиiстi жазба енгiзедi.
      7. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екiншi данасын тексеру жүргiзу аяқтағаннан кейiн тексерiлетiн субъектi басшысына тапсырады.
      Анықтаманы тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда анықтама тексерiлетiн субъектi басшысының атына хабар берiлетiн тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.

      30-бап. Тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
              лауазымды адамдарының iс әрекеттерiне
              (әрекетсiздiктерiне) шағым жасаудың тәртiбi

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiпте уәкiлеттi органның iс әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағым жасауға құқылы.
      2. Уәкiлеттi орган лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiнде заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соқтырады.

8-тарау. Мемлекеттiк реттеудiң және
 бақылаудың жекелеген түрлерi

      31-бап. Үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiн
              ерiксiз бөлiп шығару (бөлу)

      1. Нарық субъектiлерiнiң үстем жағдайы мұндай жағдайдың жағымсыз салдарларын тиiмдi шектеуге мүмкiндiк бермейтiн болып табылған жағдайда, уәкiлеттi орган оны ерiксiз бөлу немесе олардың құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалар бөлiп шығару және (немесе) кәсiпорын акцияларын (үлестерiн, пайларын) мәжбүрлеп сату туралы егер бұл бәсекелестiктi дамытуға алып келсе, сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Үстем жағдайға ие нарық субъектiсiн ерiксiз бөлу (бөлiп шығару) туралы шешiм мынадай шарттардың жиынтығы:
      1) оның құрылымдық бөлiмшелердi бөлудiң (бөлiп шығарудың) ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкiндiгi;
      2) оның бөлiнген (бөлiп шығарған) құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында тығыз технологиялық өзара байланыстың (атап айтқанда, егер рынок субъектiсi тұтынып отырған оның құрылымдық бөлiмшесi тауарларының көлемi осы құрылымдық бөлiмше өндiретiн тауарлардың жалпы көлемiнiң отыз пайызынан аспаса) болмауы;
      3) қайта ұйымдастырудың нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың тиiстi тауар нарығында дербес жұмыс iстеу мүмкiндiгi болған жағдайда қабылданады.
      3. Нарық субъектiсiн ерiксiз бөлу, бөлiп шығару туралы шешiмдi меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган сот шешiмiнде көзделген талаптарды ескере отырып орындауға жатады.
      4. Қаржы ұйымын ерiксiз бөлудiң немесе бөлiп шығарудың шарттарын уәкiлеттi орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен айқындайды.
      5. Тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiсiн бөлу, бөлiп шығару мүмкiн болмайтын немесе қисынды болмайтын жағдайда оған монополияға қарсы реттеудiң және бақылаудың өзге де шаралары қолданылады.

      32-бап. Уәкiлеттi органға ақпаратты беру жөнiндегi
              нарық субъектiлерiнiң қосымша мiндеттемелерi

      1. Уәкiлеттi орган нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және мониторинг жүргізу үшiн тиiстi тауар нарығындағы үлесi шектi шамадан асатын нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi.
      2. Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi уәкiлеттi органға мыналарды:
      1) бухгалтерлiк есеп туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi;
      2) халықтық акционерлiк қоғам үшiн өзiнiң дауыс берушi акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) он және одан да көп пайыздарын немесе акциялардың бес және одан да көп пайыздарын сенiмгерлiк басқаруға сату және (немесе) беру туралы мәлiметтi;
      3) өндiрiс (өткiзу) көлемдерi, босатылатын бағалар және шығарылатын (өткiзiлетiн) тауарлардың табыстылық деңгейi туралы өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша ай сайынғы ақпаратты беруге мiндеттi.
      3. Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi бойынша тауарға бағаның алдағы өсуi туралы және Қазақстан Республикасының Укiметi айқындайтын тәртiппен көтеру себебiн растайтын, негiздейтiн материалдарды мiндеттi берумен оларды арттырудың себептерi туралы отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкiлеттi органды хабарландыруға мiндеттi.
      4. Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi берген құжаттарды қарау процесiнде уәкiлеттi орган сұрау салуға сәйкес келетiн Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiсiнiң алған күнiнен бастап бес күндiк мерзiмде берiлуi тиiс бағаны көтерудiң себептерi туралы қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
      5. Нарық субъектілері, олардың бiрлестiктерi мен басшылары, мемлекеттiк органдар, олардың лауазымды адамдары уәкiлеттi органның талап етуi бойынша уәкiлеттi орган өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажет оның iшiнде коммерциялық, қызметтiк және банктiк құпияны қоспағанда, заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар сенiмдi құжаттар, жазбаша және ауызша түсiндiрмелер және өзге де ақпарат табыс етуге мiндеттi.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларды қоспағанда уәкiлеттi органмен оның қызметтерiн жүзеге асыру барысында алынған коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      Уәкiлеттi органның қызметкерлерi коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiнде көзделген тәртiппен жауапты болады.

9-тарау. Уәкiлеттi органның шешiмдерiн (нұсқамаларын) орындау, тексеру, қайта қарау, шағымдану тәртiбi

      33-бап. Уәкiлеттi органның шешiмдерiн
              (нұсқамаларын) орындау тәртiбi

      1. Уәкiлеттi органның шешiмiн (нұсқамасын) нарық субъектiсi, мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган шешiмiнде (нұсқамада) көрсетiлген мерзiмде орындайды.
      2. Уәкiлеттi орган шешiм (нұсқама) орындалмаған жағдайда нарық субъектiсiн, мемлекеттiк органды уәкiлеттi органның шешiмiн (нұсқамасын) орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

      34-бап. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары
              шешiмдерiн (нұсқамаларын) тексеру

      1. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары қабылдаған шешiмдерi (нұсқамалары) мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша уәкiлеттi органның олар белгiлеген тәртiппен тексерiлуi мүмкiн.
      2. Уәкiлеттi орган аумақтық органның шешiмiн (нұсқамасын) тексеру кезiнде оны тексерудiң аяқталуына дейiн шешiмдi орындауды тоқтатуы мүмкiн, бұл туралы мүдделi тұлғалар жазбаша хабардар етiледi.
      3. Уәкiлеттi орган аумақтық органның шешiмiн (нұсқамасын) тексеру нәтижелері бойынша мыналарға:
      1) шешiмдi (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдыруға;
      2) шешiмдi (нұсқаманы) өзгертуге;
      3) шешiмдi (нұсқаманы) жоюға;
      4) жаңа шешiмдi (нұсқаманы) қабылдауға құқығы бар.

      35-бап. Уәкiлетті органның шешiмдерiн
              (нұсқамаларын) қайта қарау

      1. Уәкiлеттi орган өз бастамасы бойынша немесе мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша мынадай жағдайларда:
      1) егер заңсыз немесе негiзсiз шешiмдердi қабылдауға алып келген елеулi жағдайлар уәкiлеттi органға мәлiм және мәлiмсiз болуы мүмкiн емес;
      2) егер шешiм заңсыз немесе негiзсiз шешiмдi қабылдауға алып келген жалған емес ақпараттың негiзiнде қабылданған болса;
      3) келiсiмдердiң (келiсiлген iс-әрекеттердiң), экономикалық шоғырланудың қатысушылары уәкiлеттi органның шешiмiне негiзделген талаптар мен мiндеттемелердi орындамаған;
      4) егер негiзiнде келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған жағдайлар болмаған;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген басқа негiздер болған жағдайда шешiмдi (нұсқаманы) қайта қарауы мүмкiн.
      Шешiм қабылдаған уәкiлеттi орган оны қайта қарау аяқталғанға дейiн шешiмдi орындауды тоқтата тұруы мүмкiн, ол туралы iске қатысушы тұлғаны жазбаша түрде хабардар етедi.
      2. Қайта қарау нәтижелері бойынша уәкiлеттi орган:
      1) шешiмдi (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдырады;
      2) шешiмдi (нұсқаманы) өзгертедi;
      3) шешiмдi (нұсқаманы) жояды;
      4) жаңа шешiмдi (нұсқаманы) қабылдайды.
      3. Егер шешiмдi қайта қарау нәтижесі бойынша уәкiлеттi орган экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, экономикалық шоғырлану нәтижесінде құрылған рынок субъектiсiн мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жойылады.

      36-бап. Уәкiлеттi органның шешiмдерiне 
              (нұсқамаларына) шағым жасау

      1. Уәкiлеттi органның шешiмдерi (нұсқамалары) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      2. Уәкiлеттi органға шағымдану үшiн аумақтық органдары шешiмдерiнiң (нұсқамалардың):
      1) iс үшiн маңызы бар жағдайлардың толық анықталмауы;
      2) iс үшiн маңызы бар жағдайлардың дәлелсiздiгi және белгiленген деп танылуы;
      3) шешiмде жазылған тұжырымдардың iстiң жағдайларына сәйкессiздiгi;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбауы негiз болып табылады.
      3. Уәкiлеттi органның аумақтық органының шешiмiне (нұсқамасына) нарық субъектiсi уәкiлеттi органда немесе оның құқықтарын, бостандығын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзу туралы нарық субъектiсiне белгiлi болған күнiнен бастап үш айдың iшiнде сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

10-тарау. Осы Заңды бұзушылық

      37-бап. Осы Заңды бұзушылық:

      бәсекеге қарсы келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер);
      үстем жағдайды асыра пайдалану;
      мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттер;
      уәкiлеттi органның шешiмдердi (нұсқамаларды) орындамауы немесе оны толық көлемде орындамауы;
      егер мұндай рұқсат бар болуы қажет жағдайда, уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатын алмастан экономикалық шоғырлану;
      белгiленген мерзiмде уәкiлеттi органға ақпаратты бермеуi немесе толық көлемде ақпаратты бермеуi;
      уәкiлеттi органға сенiмсiз және (немесе) жалған ақпаратты беру;
      уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларының өз функцияларын орындауы кезiнде үй-жайға және аумаққа кiруiне кедергiлер жасау;
      келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы келiсiлген шешiм болған талаптар мен мiндеттемелердi келiсiмге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушылардың орындамауы болып табылады.

      38-бап. Уәкiлеттi органның шешiмдерiн
              (ұсынымдарын) орындау мiндеттiлiгi

      1. Нарық субъектiлерi, мемлекеттiк органдар осы Заңды бұзған кезде:
      1) уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтiруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектiсiмен шарт жасауға немесе оған өзгерiстер енгiзуге, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасына сәйкес келмейдi деп таныған кесiмдi жоюға, нұсқамамен көзделген өзге iс-әрекеттердi орындауға;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтiрiлген шығынды өтеуге;
      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк шара қолдану туралы уәкiлеттi органның қаулысын орындауға;
      4) Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңын бұзу нәтижесінде алынған монополиялық табысты республикалық бюджетке аударуға мiндеттi.
      2. Осы Заңның 7-бабында көрсетiлген талаптарды бұзу сот тәртiбiмен уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша рынок субъектiлерiне таратуға дейiн шаралар қабылдау үшiн негiз болып табылады.

       39-бап. Осы Заңды бұзушылық үшiн жауаптылық

      Осы Заңды бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

      40-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 қаңтардағы  Заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршылары, 2001 ж., N 2, 13-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi