Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 423 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.27. N 543 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 10-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiнде:

      2-тарау 8) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң";

      2-1 және 2-2-тараулар 6) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң";

      2-3-тарауда 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң";

      2-4-тарауда 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң";

      2-5-тарауда:
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң";
      3) тармақшадағы "сақтандыру полисiнiң" деген сөздер "мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-6-тарау 6) тармақшадағы "жою жоспарларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып және 2-7-тарау 6) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң".

      2. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі