Еуразии экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердегi инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 416 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 55 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.16 N 1844 Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.26 N 1295 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы, "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы бюджеттiк кредиттер республикалық бюджеттен мiндеттемелердi орындау қамтамасыз етiлмей бөлiнетiн қаржы агенттіктері деп айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2007.12.26 N 1295, 2008.08.14 N 743, 2008.09.18 N 863 Қаулыларымен.

       2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі