"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 415 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 703 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Алматы облысының әкiмiне Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана құрылысының жобасын аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 86463000 (сексен алты миллион төрт жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі