Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 395 Қаулысы

        Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЬI ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы ақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының,
      Премьер-Министрi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясын кұру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-ы, 1997 ж., N 32, 291-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтың бесiншi абзацында "оның қоспаларын" деген сөздерден кейiн ", сирек кездесетiн металдарды" деген сөздермен, "әндердi" деген сөзден кейiн ", сирек кездесетiн металдардың экспорты мен импортын, уранды, оның қоспаларын және сирек кездесетiн металдарды өндiру процесiн сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларын барлауды және өндiрудi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      ПрезидентiН. Назарбаев