"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы N 386 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегі бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 302-құжат):
      тақырыбында "тексеру," деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      2)  күші жойылды
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi