Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 378 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының құрамына:
      Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы;
      Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқановты басқарма төрағасының орынбасары;
      Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды;
      2) Асқар Болатұлы Сембинді "Қазақстанның Даму Банкі" (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды;
      3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 432 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі