Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы
Жер кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 92-баптағы "неғұрлым ұзақ" деген сөздер "өзге" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 94-баптың 2-тармағындағы "талап-арыз" деген сөздерден кейiн "егер заңнамалық актiлерде өзге мерзiм көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi