Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1119 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 330 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010.04.16 № 968 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 71 "Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуға жеңілдіктер жөніндегі қосымша шараларды кеңіту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмысшылар саны елу адамнан асатын Ақтөбе қаласының жұмыс берушілері жалпы жұмыс орнының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Көшербаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі