Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 324 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мiсhаеl Wilson аnd Partners, Ltd." компаниясы 2006 жылға "Судима Тайм ЛТД" және "Қазақстан Девелопмент Корпорейшн Лимитед" компанияларымен дауда Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі