Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 310 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 293  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі