Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 304 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Мемлекеттік картографиялық кәсіпорын" мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні табиғат қорғау саласында орман орналастыру және аңшылық ісін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның Жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі