Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
3) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен).
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі