Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 125 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
      қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
      "2005 - 2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген кестеде:
      "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттiк бағдарламасы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 72-жолда:
      5-баған "31007640" деген сандармен толықтырылсын;
      6-баған "1000000" деген сандармен толықтырылсын;
      7-бағандағы "8000000" деген сандар "8308000" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-баған "7194666" деген сандармен толықтырылсын;
      9-баған "14504974" деген сандармен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 76-жолда:
      6-бағандағы "23722" деген сандар "22050" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "200000" деген сандар алынып тасталсын;
      9-баған "201672" деген сандармен толықтырылсын;
      "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда:
      7-бағандағы "15019635" деген сандар "15127635" сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "6631350" деген сандар "13826016" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-бағандағы "5194341" деген сандар "19900987" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Барлығы:" деген жолда:
      7-бағандағы "194631734" деген сандар "194739734" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "203318437" деген сандар "210513103" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-бағандағы "162772793" деген сандар "177479439" деген сандармен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі