Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 26 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 394  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының "Қапал" тәжірибе шаруашылығы" деген сөздер "Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Қапал" кеңшары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі