Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 17 Қаулысы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына:
      жалпы ұзақтығы 162 километр Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының шекарасы және жалпы ұзақтығы 227 километр Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары енгізiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Батыс Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдау-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi