Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 509л Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  207-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      1) тармақшада:
      "сот сараптамасын жасау үшiн:" деген сөздерден кейiн "айдау аппараты - 18 бiрлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
      "электрондық таразы - 18 бiрлiк," деген сөздерден кейiн "дискреттiлiгi 10-4 120 грамға дейiнгi таразы - 2 бiрлiк, 2 кг-ға дейiнгi таразы - 5 бiрлiк, 30 кг-ға дейiнгi таразы - 21 бiрлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "бейнефонографиялық қондырғы үшiн жиынтықтағы STS-Н216 дыбыс дабылдарын енгiзу және алу құрылғысы - 2 бiрлiк, бейнефонографиялық қондырғы үшiн акустикалық дабылдарды талдау мен шудан тазарту аспаптық кешенiн бағдарламалық қамтамасыз ету - 2 бiрлiк;" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      "тауартану сараптамасы үшiн:" деген сөздерден кейiн "геодезиялық құрал - 1 бiрлiк, лазерлi рулеткалар - 19 бiрлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
      "амплификатор - 2 бiрлiк" деген сөздер "амплификатор - 4 бiрлiк, гельқұжаттандыру жүйесi - 2 бiрлiк, гельқұжаттандыру жүйесiнiң аппараттық бөлiгi - 2 бiрлiк, трансиллюминатор - 2 бiрлiк," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) жарылыс-техникалық сараптама үшiн: жарылыс орындарындағы жұмыстарға арналған Бернштайн аспаптарының жиынтығы - 6 бiрлiк, "Крон-ВВ" үлгiсiндегi жарылғыш заттар буының газ талдауышы - 1 бiрлiк, "Крон-В" үлгiсiндегi жарылғыш заттардың газ талдауышын бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 бiрлiк, жарылғыш заттарды жұқа қабатты хроматографиялауға арналған пластиналар - 22 бiрлiк, жарылғыш заттар пластиналарын жұқа қабатты хроматографиялауға арналған айқындау камерасы - 17 бiрлiк, хроматографиялық жарылғыш заттардың сәуле түсiргiшi - 6 бiрлiк, әмбебап бүрiккiш - 17 бiрлiк;
      7) жол-көлiк оқиғаларының сараптамасы үшiн: ЖКО жөнiндегi сарапшының автоматтандырылған жұмыс орны - 17 бiрлiк, "Автосараптама" бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрi - БҚ) - 17 бiрлiк, "ЖКО сараптамасы" БҚ - 17 бiрлiк, "SХ автокаталогы" БҚ - 17 бiрлiк.";

      2) көрсетiлген қаулыға 221-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "1-ИК Фурье спектрометрiн," деген сөздерден кейiн "120 грамға дейiнгi таразы - 1 бiрлiк," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі