Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 509г Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Wakefield Inspection Services, Ltd." компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар "Қазақстандағы мақта талшығын стандарттау және сертификаттау жүйесін әзірлеу және енгізу" тақырыбына зерттеу жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      2. "Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі