Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 509д Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2005 жылғы 30 қарашадағы 
N 1176 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат):
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14 N 807 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30 N 553 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.