Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 509б Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
      көрсетілген қаулыға  401-қосымшада :
      6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 4-жолдағы "екі залға конференц-жүйесін сатып алу және орнату" деген сөздер "бір залға конференц-жүйесін сатып алу және орнату; саны 4 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-жолдағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентінің," деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі