Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 559-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасындағы 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен олардың қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде), қайта тiркеу кезiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
      1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгендердi қоспағанда, 7600 теңгенi құрайды;
      2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен 2280 теңгенi құрайды;
      3) саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен 15960 теңгенi құрайды.

      2. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
      1) құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) мемлекеттiк қайта тiркеу (есептiк) кезiнде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын;
      3) қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

      3. Балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiн, сондай-ақ мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
      1) құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде - алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) мемлекеттiк қайта тiркеу - (есептiк) кезiнде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын;
      3) қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) - алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

      4. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы 50 теңгенi құрайды.".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі