Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1306 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.11.10 № 704 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Киіктер мүйізін жинау мен дайындау фактілерінің алдын алу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

         1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасының аумағында киіктер алуға тыйым салу туралы" 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 206  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3880 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 20 қазанда Юридическая газетаның N 194 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда, 2011 жылға дейін оларды алуға, сондай-ақ олардың мүйіздері мен өнімін жинауға, дайындауға, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салынсын.";

      4 тармақта "Н.А.Хадыркеевке" деген сөз "Қ.Ш.Мұсабаевқа" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға