Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымының және жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 1294 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 27-жолдың 5-бағанындағы "2005 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2006 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр