Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1289 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тізбесінде:
      "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 381-жолдың 5, 7-бағандарындағы "200000" деген сандар "340892" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарлама бойынша жиыны:" деген жолдың 7-бағанындағы "30646573" деген сандар "30787465" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 427-жолда:
      5-бағандағы "2499806" деген сандар "2477618" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "1749806" деген сандар "1505717" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 428-жолдың 5, 7-бағандарындағы "500000" деген сандар "137207" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда:
      7-бағандағы "6228472" деген сандар "6087580" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "6647420" деген сандар "6403331" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесінде:
      12 "Көлік және коммуникациялар" функционалдық тобында:
      215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" әкімшісі бойынша:
      028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көлік жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында:
      "Астана қаласында Абай даңғылының жалғасуында Ақ Бұлақ өзені арқылы автожол көпірін салу" деген жолдағы "200000" деген сандар "340892" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында 12 және Гастелло көшелерінің қиылысында көлік айырығын салу" деген жолдағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында "Әуежай-Қарағанды" трассасының (қашықтығы 16 км) айналыс жолын салу" деген жолдағы "500000" деген сандар "137207" деген сандармен ауыстырылсын;

      3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 458-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында:
      "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тізбесінде:
      "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 319-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 325-жолда:
      6-бағандағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "1727618" деген сандар "1505717" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 327-жолдың 5, 7-бағандарындағы "820000" деген сандар "1182793" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі