Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі - "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Юбилейное" ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) "Юбилейное" ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қарағандысушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |