Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағанында "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі