Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1195 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.03.30 № 89 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына (тіркеу № 2930, 2005 жылғы 28 мамырдағы № 62 облыстық "Орал өңірі" мен "Приуралье" газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінде:
      2-інші бөлімдегі 8-інші тармақ алынып тасталсын.

      Облыс әкімі