Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 500 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1186 Қаулысы

      "Мойнақ су электр станциясының құрылысы" жобасының тиімді қаржыландырылуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 500  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 269-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"3 Мойнақ су электр    250,82  2005-   25  "Қазақстанның  "Мойнақ
   станциясының                2009         Даму Банкі"   СЭС" АҚ
   құрылысы                                 АҚ                   ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі