Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1160 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

      Освальд Грюбель -"Кредит Свис Групп" компаниясының бас басқарушы директоры,

      Джордж Киркланд - "Шеврон Тексако" корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті,

      Хидето Накахара - "Митсубиси Интернешнл" корпорациясының Еуропа бойынша басқармасының төрағасы және президенті,

      Робин Ренвик - "ДжиПи Морган Чейс" компаниясы төрағасының орынбасары;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Питер Робертсон, Масаюки Такашима шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті