Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1141 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
      06 "Жалпы кадрлық мәселелер" iшкi функциясында:
      608 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi" әкімшісі бойынша:
      001 "Мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "53485" деген сандар "57730" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдардың аппараты" кiшi бағдарламасындағы "168979" деген сандар "164734" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  377-қосымшада :
      Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттік нөмiрi 2-жолдағы "44 бiрлiк, 1 ксерокс және 2 факс көлемiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң орталық аппаратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігiнiң саны 49 бiрлiк, оның iшiнде тәртiптiк кеңестермен жұмыс жөнiндегi бөлiмдi ұстауға штат саны 5 бiрлiк орталық аппаратын, 1 ксерокс және 2 факс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "120 бiрлiк", "; саны 105 бiрлiк Тәртiптiк кеңес хатшылықтарының қызметiн қамтамасыз ету" деген сөздер тиiсiнше "204 бiрлiк", ", оның iшiнде штат саны 84 бiрлiк Тәртiптiк кеңес хатшылықтарының қызметiн қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі