Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы N 1094 Қаулысы

      "Құрық портпунктiнiң" дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне:
      ұзақтығы 59 километр Ақтау - Құрық және ұзақтығы 64 километр Құрық - Жетiбай автомобиль жолдары қосылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдап алу-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi