Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1077 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.04. N 835 қаулысымен.

      1. Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясы 2005 жылғы 22 қараша күні Астана қаласында "Бейбітшіліктің, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықтың 10 жылы" деген күн тәртібімен шақырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті